Есіл контррегуляторы жобасы аясында Жарқайың ауданына жұмыс сапарымен Азия даму банкінің өкілдері келді.

Есіл контррегуляторы жобасы аясында Жарқайың ауданына жұмыс сапарымен Азия даму банкінің өкілдері келді.

Сапарға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің вице-министрі Ерболат Ибрайханов, Азия даму банкінің өкілдері, Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков, облыстық деңгейдегі өкілдер, ауылдық округ әкімдері және ауыл тұрғындары қатысты.

Делегация Отрадное және Пятигорское ауылдарында болып, су басу қаупі бар аумақтармен танысты. Кездесу барысында жобаны жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ оның су ресурстарын реттеу және елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы талқыланды.