
Ақкөл қаласынан ҚР ТЖМ №55209 әскери бөлімінің 20 әскери қызметшісі келіп, жер үйіндісін нығайту үшін құм толтырылған қаптарды дайындау жұмыстарымен айналысуда. Бүгінгі күнге дейін 2200 қап дайындалды. Сонымен қатар, ауыл аумағынан 4500 текше метр қар шығарылды.
Бұдан бөлек, жер үйіндісін нығайту жұмыстары жалғасуда. Аталған шаралардың барлығы су тасқынының алдын алуға және елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.