
🔹 2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтеді.
🔹 Референдумда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады.
🔸Ақмола облысының әкімдігі дауыс беру учаскеңіз туралы мәліметті нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік ұсынады:
✔️- https://sailau.aqmola.gov.kz/?lang=kz ресми веб-сервисте;
✔️- Telegram-дағы SailauAqmolaBot чат-бот арқылы;
✔️- бірыңғай Call орталығынан 109 телефоны арқылы.
📌Сондай-ақ, Ақмола облысының тұрғындары үшін қалалар мен аудандарда Call-орталықтар құрылды.
❗️ Маңызды! Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматты нақты референдум учаскесіндегі тізімге енгізудің негізі – оның көрсетілген учаске аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелуі. Тіркелу, мекенжай деректерін түзету және тексеру үшін «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» порталы egov.kz арқылы «Азаматтық, миграция және иммиграция → Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.
❗️ 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысып, конституциялық құқығыңызды жүзеге асырыңыз.