
Іс-шара Жарқайың ауданының Полиция бөлімімен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту, профилактикалық жұмысты үйлестіру және қосымша шараларды айқындау мақсатында ұйымдастырылды.
Жұмыс кездесуіне жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полицияның, білім бөлімінің өкілдері, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Талқылау барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
• кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу;
• интернет-алаяқтықтың, соның ішінде «дропперлік» схемаларының алдын алу;
• отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы;
• жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Аудан прокурорының баяндамасы құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның рөліне арналды. Ол балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруда бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Барлық бағыттар бойынша есірткі құралдарының заңсыз айналымының, жастарды құқыққа қарсы әрекеттерге, оның ішінде интернет-алаяқтық («дропперлік») схемаларына тартудың алдын алуға бағытталған профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.
Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша профилактикалық қызметтің басым бағыттары айқындалып, тиісті қызметтерге нақты ұсынымдар берілді.
Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік органдардың басым міндеті болып қала береді.