
Іс-шараға Ақмола облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұғманов Ермек Бекенұлы арнайы келіп қатысты.
Сапар барысында қонақтар ауданында биыл ашу жоспарланған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына арналған ғимаратты барып көрді. Орталықты ашу үшін қажетті орын бөлінген, болашақта мұнда зейнеткерлер үшін түрлі әлеуметтік және мәдени бағыттағы қызметтер көрсетілмек.
Конференция аудан әкімдігінің мәжіліс залында жалғасын тапты. Жиында аудандық Ардагерлер кеңесінің 2021–2025 жылдар аралығындағы қызметі туралы есеп тыңдалып, ревизиялық комиссияның қорытындысы қаралды. Сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы сайланды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Ұлболсын Ахметова сайланды.
Жаңадан сайланған төрағаны Ақмола облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұғманов Ермек Бекенұлы мен Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Сапар аясында қонақтар аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап көрді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан ерлердің рухына тағзым етті.