Жарқайың ауданында көшелерді коронавирустық инфекциядан дезинфекциялау жалғасуда. Мамандар әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарды дезинфекциялайды. Жоспар бойынша күн сайын көшелер, тротуарлар мен спорт алаңдары, аялдамалар, жолдар ғана дезинфекцияланып қоймай, сонымен қатар, Державин қаласының көп пәтерлі үйлерінің, кіреберістері де залалсыздандырылуда, өйткені бұл әрекет эпидемиямен күресудің маңызды элементі болып табылады.