«Кәсіби бағдар беру: ынтымақтастық аймағы» атты диалог алаңы Жарқайың ауданында өтті

«Кәсіби бағдар беру: ынтымақтастық аймағы» атты диалог алаңы Жарқайың ауданында өтті

Жарқайың ауданы Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебінің базасында «Кәсіби бағдар беру: ынтымақтастық аймағы» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Іс-шара білім алушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауы мәселелері бойынша білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары және мемлекеттік құрылымдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды.

Диалог алаңының жұмысына өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, Зұлхарнай Алдамжаров атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, сондай-ақ Жарқайың аудандық полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қатысты.

Диалог алаңының бағдарламасы «Мотивация», «Диагностика», «Практика» бағыттарын қамтыды. Талқылау барысында кәсіби бағдар беру жұмысының заманауи тәсілдері қарастырылып, алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.

Жарқайың аудандық білім бөлімінің басшысы Нурпеисова Гүлшат Қабиболловна: «Мұндай диалог алаңдары оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, бұл Жарқайың ауданында білім алушылардың кәсіби бағдар беру жұмысын одан әрі жүйелі дамытуға негіз қалады.