
Жарқайың ауданында 2026 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Қыс мезгілінде аудан шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы техникасын жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта техника дайындығының жалпы деңгейі шамамен 75 пайызды құрайды.
Уәлиханов ауылдық округінде егіс науқанына дайындық аясында ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жөндеу жұмыстарына «Арман», «Гурия» өндірістік кооперативтері, сондай-ақ «Сұңқар» шаруа қожалығы тартылған. Негізгі жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында.
Аудан бойынша барлығы 1 200-ге жуық трактор тіркелген, оның ішінде көктемгі егіс жұмыстарына 1 000-ға жуық техника тарту жоспарлануда. Қысқы кезең шаруашылықтар үшін техниканы жоспарлы жөндеуден өткізуге тиімді уақыт болып табылады және бұл көктемгі дала жұмыстарына уақытылы шығудың, сондай-ақ тұрақты өнім алудың маңызды шарты саналады.
«Арман» өндірістік кооперативінің төрағасы Сергей Николаевич Кропотов ағымдағы жылдың шаруашылық үшін мерейтойлық жыл екенін атап өтіп, егіс науқанына дайындық жұмыстарына ерекше мән беріліп отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар, Жарқайың ауданына қарасты Далабай ауылында егіс науқанына дайындық пен мал қыстату жұмыстары тұрақты бақылауда. «АЛИНАГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көктемгі дала жұмыстарына 100 пайыз дайын. Барлық техника толық әзірленіп, мал қыстату қалыпты режимде өтуде.
Аудан бойынша 2026 жылғы егіс науқанына арналған тұқымдардың сапасын анықтау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда 66 мың тонна тұқым дайындалған. 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін зертханалық тексеруге 33 мың тонна тұқым тапсырылды.
Тұқым материалдарының сапасы «ҚазАгрЭкс» АҚ-ның аудандық тұқым зертханасында тексерілуде. Тұқымдарды толық зертханалық сараптамадан өткізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінуде. Атап айтқанда, 2025 жылы осы мақсатқа 19 миллион теңге бөлініп, 7 мыңға жуық зертханалық зерттеу жүргізілді. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп, 2025 жылы жақсы өнім алуға мүмкіндік берді.
Атқарылып жатқан жұмыстар Жарқайың ауданының аграрийлері 2026 жылғы егіс науқанына сапалы әрі тексерілген тұқыммен шығуын қамтамасыз етуге бағытталған және бұл мол өнім алудың негізгі кепілі болып табылады.
Жарқайың ауданында 2026 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.