Мобильді топ мониторинг жүргізуді жалғастыруда

Мобильді топ мониторинг жүргізуді жалғастыруда

Мобильді топ мониторинг жүргізуді жалғастыруда

Халықтың жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Жарқайың ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері полицейлермен бірлесіп тұрақты негізде кәсіпкерлік және сауда объектілерінде COVID-19 кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, жеке қорғаныс құралдарын және дезинфекциялық құралдарды пайдалану қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Соңғы 3 күнде мобильді мониторингтік топ мониторинг жүргізу барысында барлығы 28 нысанды қамтыды.

Объектілерде дезинфекциялық іс-шаралар тиісінше ұйымдастырылған, қажетті дезинфекциялық құралдар қоры сатып алынды, қызметкерлер мен келушілер үшін дезбарьерлер, антисептиктер орнатылған. Қызметкерлер маскаларды кию және жою алгоритмін ұстанады.

Рейдтер барысында мобильді топ covid-2019 ауруының алдын алу мақсатында коронавирустық инфекцияның алдын алу және қорғаныс маскаларын міндетті түрде кию бойынша объектілердің қызметкерлерімен және келушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.