Құрметті Жарқайың құтқарушылары мен ардагерлері!

Құрметті Жарқайың құтқарушылары мен ардагерлері!

Құрметті Жарқайың құтқарушылары мен ардагерлері!

Сіздерді  Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс органдарының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймын! Біз құтқарушылардың күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігін бағалаймыз. Қандай қиыншылыққа тап келсе де төтенше жағдайлар қызметкерлері өз ісін абыроймен атқаруға бар ынтасымен кіріседі.

Ел аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты.

Бүгінгі күні республикамызда төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары. Оған  мамандардың кәсібилігі, қызметіне деген адалдығы мен ерліктерінің арқасында қол жеткізіп келеді. Осының нәтижесінде мыңдаған адамдардың өмірі құтқарылды.

Алдағы уақытта құтқарушылардың  кәсіби шеберлігі, батылдығы мен қайсарлығы адамдарды құтқару  ісінде қызмет ететініне толықтай сенімдімін.

Құрметті ауданымыздың құтқарушылары! Бүгінгі жарқын мерекеде  сіздерге зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін!  Қауіпті еңбектеріңіз сіздер құтқарған адамдардың алғысымен бағаланып, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне зор үлестеріңізді қоса беріңіздер демекпін!

 

 Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан