Жарқайың ауданындағы тарихи оқиға: Надежда Крупская атындағы мектеп №1 гимназия мәртебесіне ие болды

Жарқайың ауданындағы тарихи оқиға: Надежда Крупская атындағы мектеп №1 гимназия мәртебесіне ие болды

 

Жарқайың ауданында Державинск қаласындағы Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясының ресми ашылуы өтті. Бұл – ауданның бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды әрі тарихи оқиға.

Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың қаулысына сәйкес, қараша айында мектепке гимназия мәртебесі берілді. Мектептің педагогикалық ұжымы жыл сайын тұрақты жоғары нәтижелер көрсетіп, оқушылар зияткерлік, ғылыми, шығармашылық және спорттық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді.

«Гимназия мәртебесін алу тереңдетілген оқытуға, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және заманауи білім беру технологияларын енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. №1 мектеп-гимназиясы сапалы білім мен тәрбие берудің, сондай-ақ жаңа жетістіктердің орталығына айналатынына сенімдімін. Оның түлектері ауданымыздың абыройын бұдан әрі де лайықты түрде қорғай береді», – деді Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков. Сондай-ақ ол мектепке тәрбиелік, мәдени және патриоттық іс-шараларды өткізуге арналған киіз үй сатып алу үшін сертификат табыс етті.

Мектеп түлектері туған білім ордаларын шын жүректен мақтан тұтатындарын және ауқымды өзгерістерге жағымды таңғалыстарын білдірді.

«Жаңартылған мектепті көргенде ерекше әсер алдық. Барлығы заманауи, әсем әрі ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған. Бүгінгі оқушылардың осындай жағдайда білім алып жатқанына қуаныштымыз», – деді ауданның құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлбосын Ахметова.

Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мектептің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға шамамен 245 млн теңге бөлді. Бөлінген қаражат есебінен 21 оқу кабинеті мен негізгі функционалдық кеңістіктер толық жаңартылды.