
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедеу адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, уақыт лимиттері де белгіленген:
- Айына 25 сағат-1 топтағы мүгедектігі бар жұмыс істейтін адамдар және кресло-арбамен қозғалатын 2 топтағы адамдар үшін;
- Айына 25 сағат - 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, балабақша тәрбиеленушілері және мектептер мен жоғары оқу орындарында білім алушылар үшін;
- Айына 6 сағат – әкімдіктер бекіткен бағыттар бойынша мүгедектігі бар барлық басқа адамдар үшін.
Пайдаланылмаған сағаттар келесі айға ауыстырылмайды. Лимитті тек жергілікті әкімдіктердің шешімімен және қаражат болған жағдайда ғана арттыруға болады.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: 9-23-08.