3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Жарқайың ауданында дәстүрлі түрде 5-ші жыл қатарынан мерекелік іс-шара өтті.

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай, Жарқайың ауданында дәстүрлі түрде 5-ші жыл қатарынан мерекелік іс-шара өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Арай Әбенова аудан әкімі Е. К. Жүсіпбековтің атынан құттықтау сөз сөйлеп, мерейтойлық және арнайы номинациялар бойынша марапаттарды табыстады.
🔹 Булгару Виктор Трофимович – ауданның 70 жылдығына арналған мерейтойлық медаль;
🔹 «Жылдың ашылуы» – Қарабаев Арнұр Алматұлы;
🔹 «Жыл жетістігі» – Жанәділова Әсем Сегізбайқызы;
🔹 «Шығармашылық үлесі үшін» – Паньков Владимир Викторович;
🔹 «Еңбек жетістіктері үшін» – Рагойжа Татьяна Леонидовна;
🔹 «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін» – Байдильдин Қуандық Қайратұлы;
🔹 Аудан әкімінің алғыс хаттары – Жакупова Ләйлә Қалмағанбетқызы, Абдуалиева Нұрила Оразқызы.
Шара барысында психологиялық қолдау және инклюзивті орта қалыптастыру бағытында маңызды меморандумға қол қойылды.
Меморандумға «АША мүгедектігі бар адамдар қоғамы» ҚБ және Манатов Аслан Айтжанұлы қол қойып, ортақ жұмысты одан әрі дамытуды көздеді.
📚 Сонымен қатар, Жарқайың ауданы әкімінің «Мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша кеңесшісі» - Нұрбеков Әділ Ғабдолұлына мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеуге арналған әдістемелік нұсқаулықтың презентациясы табысталды.
Бұл нұсқаулық мамандарға тұрғындарға нақты, тұрақты және бірізді ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.
📞 Шарада «Сенім» телефонының қызметі де таныстырылды. Азаматтар кез келген сұрақ, өтініш немесе ұсынысын телефон арқылы қоңырау шалып немесе жазбаша хабарлама қалдыру арқылы жолдай алады.
Инклюзивті қоғам құру жолындағы игі бастамалар жалғасын таба берсін!