Жарқайың ауданының мәдениет Үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Жарқайың ауданының мәдениет Үйінде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Шараға Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков қатысты.

Нұрбек Бадырақов аудан диқандарын Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың атынан құттықтап, аграрлық салаға қосқан үлестерін атап өтті. Сондай-ақ, ол аудан әкіміне «Астық дақылдардан бастыру бойынша көшбасшы» номинациясын және облыс әкімі атынан алғыс хатты табыс етті. Аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков аграрлық сала қызметкерлеріне олардың еңбегі, жауапкершілігі және ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Осы жылы Жарқайың ауданының диқандары шамамен 900 мың тонна астық жинады.

Сондай-ақ ауыл еңбеккерлері мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды: облыс әкімі атынан алғыс хаттар, ақшалай сертификаттар, «Ақмола – Еңбек озаты» төсбелгілері, «Елеулі еңбегі үшін» медалі, «Еңбек даңқы» медалінің I, II, III дәрежелері, сондай-ақ Жарқайың ауданының 70 жылдығына арналған мерейтой медальдары табысталды.

Шара ауыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік концертпен аяқталды.