Құрметті Жарқайындықтар!

Құрметті Жарқайындықтар!

Құрметті Жарқайындықтар!

Баршаңызды Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл мереке адамдар арасындағы жарасымдылықты іздеу, өзара түсіністікті орнату, жақыныңа қайырымдылық жасап, көмек көрсету күні ретінде жыл сайын атап өтіледі.

Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз.

Осы мерекелі күні бейбітшілік, жақсылық пен гүлдену тілеп, барлық жарқайыңдықтарды Рухани келісім күнімен құттықтаймын!

Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан