Жарқайыңның ақпарат айнасы - аудандық газеттермен ашық әңгіме

Жарқайыңның ақпарат айнасы -  аудандық газеттермен ашық әңгіме

Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков аудандық газеттердің басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге «Целинное знамя» газетінің директоры Раиса Какимовна Вольф пен «Жарқайың тынысы» газетінің директоры Самрат Жанатұлы Айтпаев қатысты.

Кездесу барысында редакциялардың қаржылық тұрақтылығын арттыру, жазылу науқанын жақсарту және аудандық басылымдарды дамыту мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, жергілікті газеттерді одан әрі қолдаудың қажеттілігін жеткізді.