
🔹Аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтің төрағалығымен Жарқайың ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтті.
Кеңес барысында 2025–2026 жылдардың қысқы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытында ауданның күштері мен құралдарының дайындығы, сондай-ақ алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, мансап орталығының атқарылған жұмыстары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті қызмет басшыларына қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.