
🔹 Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков «Жастар» шағын ауданында орналасқан №17 және №19 екі 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.
№17 нөмірлі нысанда құрылыс жұмыстарын «Мега Строй Групп» ЖШС жүргізуде. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын, құрылыс жоспарға сай жалғасуда. Үйді тапсыру және пайдалануға беру 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
№19 нөмірлі тұрғын үйдің мердігер ұйымы – «МТЛ-Арка» ЖШС. Қазіргі уақытта ғимарат ішінде жылу жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін ішкі әрлеу жұмыстары басталады. Нысанды пайдалануға беру келесі жылға жоспарланған.