
🔹Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков Отрадное ауылының тұрғыны, тыл және еңбек ардагері Беріктас Баймолдиновты 98 жасқа толуымен құттықтап, оған Жарқайың ауданының 70 жылдығына арналған мерейтойлық медаль мен естелік сыйлық табыстады.
Сондай-ақ ардагерге аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметова және Отрадный ауылдық округінің әкімі Бейбіт Есентаев жылы лебіздерін білдірді.