
4 қараша күні аудан аумағында қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Жаттығу барысында авариялық-құтқару жұмыстары пысықталып, коммуналдық нысандардағы ықтимал ақауларды жою шаралары жүргізілді. Арнайы техника мен мамандар жұмылдырылды.
Мақсат – қысқы кезеңде шұғыл әрекет ету дайындығын арттыру.