
2025 жылғы 31 қазанда Жарқайың ауданының прокуратурасы мен аудан әкімдігінің бастамасымен «Халықтық заңгер» атты акция өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қылмыстың алдын алу болып табылады. Акцияға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, адвокатура мен нотариат палатасының, сондай-ақ жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары салаларының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында аудан тұрғындарына еңбек, тұрғын үй, жер, отбасы және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша тегін құқықтық көмек көрсетілді. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аудан прокуратурасы мұндай шаралар азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға және қоғамда «Заң мен Тәртіпке» құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. Акция ашық әрі конструктивті түрде өтті. Барлық тұрғындардың өтініштері бақылауға алынды және тиісті шаралар қабылданды.