25 қазан күні, ұлттық мереке – Республика күніне орай Державинск қаласының орталық алаңында Мемлекеттік Туды көтеру және Мемлекеттік Гимнді орындау салтанатты рәсімі өтті.

25 қазан күні, ұлттық мереке – Республика күніне орай Державинск қаласының орталық алаңында Мемлекеттік Туды көтеру және Мемлекеттік Гимнді орындау салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков, мекеме басшылары, жастар және аудан тұрғындары қатысты. Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды айтулы мемлекеттік мерекемен құттықтап, елге бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі. Мемлекеттік Туды көтеру құрметі бокстан республикалық «AUYL SPORT-2025» турнирінің жүлдегерлері, жас спортшылар Пазылбек Төре мен Сабит Мақсатқа берілді. Сондай-ақ Республика күніне арналған «Мемлекеттік Гимнді үздік орындау» және «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.