
Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың сұранысқа ие мамандықтарға қызығушылығын арттыру, практикалық дағдыларын дамыту және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатын көздеді. Семинарға аудан мектептерінің мұғалімдері, 9–11 сынып оқушылары және кәсіби-техникалық оқу орындарының өкілдері қатысты. Қонақтар қатарында Ақмола облысы Білім басқармасына қарасты Чаглинка ауылының Жоғары агротехникалық колледжі, Есіл қаласының Агротехникалық колледжі және Арқалық политехникалық колледжінің мамандары болды. Семинар жылы әрі іскерлік атмосферада өтті. Іс-шара қатысушыларға жағымды әсер қалдырып, Жарқайың ауданында кәсіби бағдар беру жұмысын дамытуға және «Жұмысшы мамандықтар» жылы бастамаларын жүзеге асыруға үлес қосты.