Жарқайың ауданы Құмсуат ауылының әкімі тағайындалды.

Жарқайың ауданы Құмсуат ауылының әкімі тағайындалды.

Берік Сұлтансеитұлы Рахымжанов Жарқайың ауданы Құмсуат ауылының әкімі болып тағайындалды.

Ол 1970 жылы Торғай облысы, Жаңадала ауданы, Баранкөл ауылында туған. Білімі жоғары, 2008 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын тарих, құқық негіздері және экономика мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1987 жылы Торғай облысы Жаңадала ауданы Чапаев ааылында Жаңадала аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде жұмысшы болып бастаған. Әр жылдарда әртүрлі қызмет орындарда еңбек еткен. 2020 жылдың 1 қазанынан бастап Жарқайың ауданының Құмсуат ауылы әкімінің м.а. қызметіне тағайындалды.