🔹Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін талдау бөлімі Жарқайың аудандық әкімдігінде «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар» тақырыбында техникалық оқу өткізді.

Іс-шараға Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін талдау бөлімінің бас инспекторы Л.А. Гахова қатысты.

🔹Оқытуға ауыл және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік органдардың, білім бөлімі мен мансап орталығының басшылары, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандар қатысты.

🔹Талқылау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын проблемалық мәселелер қарастырылды.

🔹Іс-шара қорытындысында қатысушыларға мемлекеттік қызметтердің сапасы мен ұйымдастырылуын жетілдіру мәселелері бойынша кеңес беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.