Қымбатты ұстаздар, білім саласының қызметкерлері, ардагерлері!

Қымбатты ұстаздар, білім саласының қызметкерлері, ардагерлері!

Қымбатты ұстаздар, білім саласының қызметкерлері, ардагерлері!

 Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздық ету елдегi ең жауапты мамандықтың бірі!

Себебi, Қазақстанның болашағы сiздердiң қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетiстiкке жететiнi, өмiрде қаншалықты табысты, iскер болатыны тiкелей тәлiмгерге байланысты.

“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” дегендей өнегелi ұстаздан жақсы шәкiрт шығады.  «Адамның адалдығы- жақсы ұстаздан болады» - деген ұлы Абай бабамыз.

Баланың болашағы, олардың өмірлік жолы ұстаздар сіздерге байланысты.

Білгенін басқаға үйретіп, жақсылыққа жақын болуға шақырып, адамның жүрегіне нұр беретін - ол ұстаз.

Болашақта еліміздің қасиетті, ақылды азаматын, еліне еңбек еткен ер болуға тәрбиелейтін де ұстаз.

Қымбатты ұстаздар!

Сіздерге өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, мемлекеттің гүлдену жолындағы абыройлы қызметтеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Сіздер еліміздің патриоттарын, дарынды, озат азаматтарды тәрбиелейді деген сенімдемін.

Сiздердi мерейлi мерекелерiңiзбен құттықтай отырып, денсаулық, iзгi махаббат пен мейiрiм, шыдамдылық пен шығармашылық табыстар тiлеймiн! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан