Қымбатты ардагерлер! Қадірлі әже-аналар!

Қымбатты ардагерлер! Қадірлі әже-аналар!

Қымбатты ардагерлер! Қадірлі әже-аналар!

1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде Халықаралық Қарт адамдар күні атап өтіледі. Сондықтан, осынау мерейлі мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер әлемге өрелі биікке ұмтылған іргелі ел ретінде танылған тәуелсіз мемлекетімізді нығайтуға ат салысып, ерен еңбектеріңізбен үлес қоса отырып елдегі салиқалы саясатқа қолдау көрсетіп келесіздер.  Аға ұрпақ өкілдерінің даналығы мен кемеңгерлігі әсіресе, жаңа заман жастарының тың бастамалары үшін айрықша маңызға ие.

Сіздер  сабырмен, түсіністікпен және сүйіспеншілікпен бізді қайырымдылық жасауға және еңбекқорлыққа, өз отбасына  және Отанға адалдыққа, лайықты өмір сүруге, үміттенуді ешқашан жоғалтпауға үйретесіздер. Біз Сіздердің жетістіктеріңізді  мақтан тұтамыз, біз сіздерден үлгі аламыз, Сіздердің белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарыңызға  таң қалуға шаршамаймыз.

Өңірде аға ұрпақ өкілдерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында көп жұмыстар атқарылып, Сіздердің экономикалық, қоғамдық, мәдени, рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай туғызылуда. Осы ретте, әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарт адамдар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер мүддесі, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелері басты назарда ұсталып келеді.

Еліміздің дамуы мен көркеюуіне Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан теңіз.

Осы бір жүрек тебірентерлік жарқын мереке адамдарды Сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздар екендігімізді тағы бір есімізге салғандай болады. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз.

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік, ынтымақ пен береке, жақын туыстарыңыздың сый-құрметі мен қамқорлығын тілеймін.

Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан