Жарқайың ауданы өзінің 70 жылдық мерейтойын ұлттық ойындармен, концерттік бағдарламамен және мерекелік отшашумен кең көлемде атап өтті

Жарқайың ауданы өзінің 70 жылдық мерейтойын ұлттық ойындармен, концерттік бағдарламамен және мерекелік отшашумен кең көлемде атап өтті

Жарқайың ауданы өзінің 70 жылдық мерейтойын ұлттық ойындармен, концерттік бағдарламамен және мерекелік отшашумен кең көлемде атап өтті

   Жарқайың ауданының тұрғындары мен қонақтары ауданның 70 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шаралардың куәсі болды. Мерекелік іс-шаралар туған елге деген құрмет пен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу негізінде ұйымдастырылды.

   Мерекелік күн Жарқайың ауданының ипподромында өткен ұлттық спорт жарыстарымен басталды. Жарыстар көкпар, тайжарыс, аламан бәйге түрлері бойынша өтті. Бұл жарыстарға Солтүстік Қазақстан облысынан, Жақсы ауданынан және Атбасар қаласынан келген шабандоздар мен спортшылар қатысты.

    Аламан бәйге нәтижесі бойынша: 1 орын - Ерқанат Акимжанов (Державинск қаласы) - 1 000 000 теңге, кубок және медаль, 2 орын - Рахман Әлдібек (Ғ. Мүсірепов атындағы ауыл, СҚО) - 500 000 теңге, 3 орын - Мұрат Нұрасыл (Жақсы ауданы) – 300 000 теңге.

   Тай жарыс нәтижелері бойынша: 1 орын - Нұролла Әбілмансұр (Державинск қаласы) - 500 000 теңге, кубок және медаль, 2 орын – Ризат Ибрагимов (Гастелло ауылы) - 400 000 теңге, 3 орын - Мұрат Нұрасыл (Державинск қаласы) - 300 000 теңге, 4 орын - Айбек Әділбекұлы (Шойындыкөл ауылы) - 200 000 теңге, 5 орын - Асқар Бастанбек (Атбасар қаласы) – 100 000 теңге.

    Көкпар жарысының нәтижесі бойынша: 1 орын - Нахимовка-1 командасы – кубок және 500 000 теңге, 2 орын - Нахимовка-2 командасы - 300 000 теңге, 3 орын – Державинск командасы - 100 000 теңге

Күн бойы Державинск қаласының орталық алаңында қазақтың ұлттық ойындары мен жарыстары ұйымдастырылды: қазақша күрес, қол күрес, гір көтеру, асық ату, қой көтеру.

        Сонымен қатар, Жарқайың ауданының және Астана, Қарағанды, Арқалық қалаларынан және Амангелід ауданынан, Торғай ауылынан келген 20 балуан өзара мықтыны анықтады.

       1 орын - Шынкаев Олжас (Қарағанды қаласы) – 600 000 теңге, кубок және медаль, 2 орын - Сәлімов Ернұр (Торғай ауылы) - 300 000 теңге, сертификат, 3 орын - Рыздық Ерғанат (Торғай ауылы) - 200 000 теңге, сертификат.

      Басқа ұлттық ойындардың жеңімпаздары да медальдармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Алаңға тігілген киіз үйлерде келген қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, көпшілік дәм татты.

      Кешкісін орталық алаңда салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Ербол Кәрімұлы Жүсіпбеков барша тұрғындарды 70 жылдық мерейтоймен құттықтап, ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлерге, еңбек адамдарға және азаматтарға алғысын білдірді.

     «Бүгін біз Жарқайың ауданының 70 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтудеміз. Бұл - тарихы терең, тағылымы мол туған өлкеміздің өткені мен бүгініне тағзым ету күні Ауданымыздың өркендеуі мен дамуына үлес қосқан ардагерлерге, еңбек адамдарға, барша азаматтарға алғысымды білдіремін.  Жарқайың жұрты әрдайым ұйымшыл, еңбекқор, дәстүріне берік. Осы мерекелік шаралар соның бір дәлелі. Туған жеріміз көркейіп, халқы бақытты өмір сүре берсін! » - деді Жарқайың ауданының әкімі Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлы

      Мерекелік жиында экс-әкімдерге, ауданның дамуына үлес қосқан құрметті азаматтарға мерейтойлық естелік медальдар, ал ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мен қоғам белсенділеріне «Елеулі еңбегі үшін» атты салалық кәсіподақ медальдары табысталды.

     Кешкі уақытта өткен мерекелік гала-концертте Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, «Бәйтерек» тобы, Қобыланды Болат, Auka, Бекзат пен Аиша дуэті және «Грэмми» тобы өнер көрсетті. Мереке соңы мерекелік дискотека мен отшашуға ұласты.

    «Бүгінгі мерекелік шара - тек ойын-сауық емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығының, елдік пен бірліктің көрінісі. 70 жыл ішінде Жарқайың ауданы көптеген белестерді бағындырды. Бұл – бүкіл халықтың еңбегі», - деді Билер алқасының төрағасы Төлеген Сәдуақасұлы Ибраев.

    Жарқайың ауданының 70 жылдық мерекесі – ел тарихын ұлықтаған, ұлттық бірлікті бекемдеген, рухани-мәдени мазмұны терең айтулы оқиға болды.