🔹Іс-шара барысында адал еңбегімен аудан мен облыс дамуына үлес қосқан азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің атынан алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандар қатарында: коммуналдық сала қызметкерлері, өрт сөндірушілер, жүргізушілер, пошта қызметкерлері және басқа да еңбек өкілдері бар.
🔹Мұндай іс-шаралар жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін арттыруға, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған.
🔹Мерекелік шара шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.