Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков Державинск қаласының көше-жол желісіндегі автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков Державинск қаласының көше-жол желісіндегі автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жөндеу жұмыстары қаланың барлық негізгі көшелерін қамтып отыр, жалпы көлемі 8 мың шаршы метрді құрайды. Жөндеу жұмыстарын «Пейко» ЖК жүргізуде.

🔹Сонымен қатар, аудан әкімі теміржол вокзалына барып, онда басталған күрделі жөндеуге дайындық жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта аумақты қоршау жұмыстары жүргізілуде.