🔹Жарқайың ауданының Нахимовка және Баранкөл ауылдарында күн батареяларымен жұмыс істейтін көше шамдары орнатылды. Барлығы 17 шам қойылды: Нахимовка ауылында - 12, Баранкөл ауылында - 5. Шамдар жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен орнатылды. Сондай-ақ Нахимовка ауылының кіреберіс жолына инертті материал төселді.
