
🔹Мереке таңғы велошеруден басталды. Қатысушылар қала көшелерімен жаттықтырушылар мен қауіпсіздік қызметінің сүйемелдеуімен жүріп өтті. Шеру соңында барлық қатысушыларға аудандық спорт бөлімінің атынан грамоталар табысталды.
🔹Саябақтағы амфитеатрда ауқымды «Домбыра PARTY» өтті. Ұлттық киім киген 100 домбырашы «Адай» мен «Сарыарқа» күйлерін орындап, көрермендерге ерекше рух пен әсер сыйлады.
🔹Салтанатты бөлімде Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, елге амандық, бірлік пен береке тіледі.
🔹Құттықтау сөзден кейін мерекелік бағдарлама жалғасын тапты: «Астанаға арнау» атты концерт, «Жарқайың сақасы» атты асық ату турнирі, кітап және көркемөнер көрмелері, театрландырылған қойылымдар, жастарға арналған ойындар мен түрлі белсенді шаралар өтті.
🔹Баршаңызды Астана күнімен және Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір шаңырақта күй төгіліп, бірлік пен шаттық, бейбіт өмір орнасын!