Жарқайың ауданының Тасөткел ауылында «Дала күні» мен «Мал шаруашылығы күні» біріктірілген семинар-кеңес өтті.

Жарқайың ауданының Тасөткел ауылында «Дала күні» мен «Мал шаруашылығы күні» біріктірілген семинар-кеңес өтті.

🔹Жарқайың ауданының Тасөткел ауылында «Дала күні» мен «Мал шаруашылығы күні» біріктірілген семинар-кеңес өтті.

🔹Іс-шараға Жарқайың ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, агрономдар және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

🔹Семинар-кеңес «Темірлан» ЖШС-нің егіс алқаптарында басталды. Қатысушыларға заманауи ауыл шаруашылығы техникасының жұмысы және өсімдік шаруашылығындағы озық технологиялар таныстырылды. Бұдан кейін қонақтар зығыр мен дәнді дақылдардың егістік жағдайымен танысты. Биыл ауданда майлы дақылдар 13 мың гектар алқапқа егілген - бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 есе артық.

🔹Одан кейін қатысушылар «Темірлан» ЖШС-нің сүт-тауарлы фермасы мен сүт өңдеу цехына барып, кәсіпорын шығаратын өнімдермен танысты. Бұл өнімдер тек аудан көлемінде ғана емес, сондай-ақ Астана, Арқалық және Есіл қалаларына да жеткізіледі.

🔹Сонымен қатар, қатысушылар түскі уақыттағы сауын кезінде ферма жұмысымен де танысты.

🔹Семинардың теориялық бөлігі мен қорытындысы Тасөткел ауылындағы Мәдениет үйінде өтті. Жиын барысында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Д. Сыздықов, «Темірлан» ЖШС директоры Е. Алин, «Жер-1» ЖШС директоры Г.Е. Люлькович, бас агроном С. Орехова және фитосанитарлық пен мемлекеттік инспекция өкілдері баяндама жасады.

🔹Семинар соңында мал және өсімдік шаруашылығы саласындағы үздік еңбеккерлер алғыс хаттармен марапатталды.

🔹Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.