Ағымдағы жылдың 12 маусымында сағат 11: 00-12: 00 аралығында “AMANAT” партиясы “Қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалында (Державинск қаласы, М. Ғабдуллин көшесі, 102). ”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ “ жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтеді.
Іс-шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ азаматтарды білікті заңгерлік қолдаумен қамтамасыз ету.
Сіз ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінен, аумақтық құқық қорғау және атқарушы органдардың өкілдерінен, адвокаттардан, заң консультанттарынан, нотариустар мен жеке сот орындаушыларынан тегін кеңес ала аласыз.
Келіңіз және құқықтық сұрақтарыңызға жауап алыңыз!