«Халық заңгері» біржолғы республикалық акциясы туралы хабарлауға қуаныштымыз, осы акция аясында кез келген адам заң туралы тегін кеңес алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады. Акция 30 мамыр күні сағат 17:00-де өтеді.
Мемлекеттік органдар, Ақмола облыстық палатасының заңгер консультанттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа кеңес беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.
Өткізілетін мекенжайы: Державин қаласы, Захаров көшесі, 37 Жарқайың ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Жарқайың аудандық мәдениет үйі» МКҚК ғимараты.