2024 жылғы 8 желтоқсанда №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жарқайың аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 881 азамат енгізілді. Дауыс беруге 540 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Зейнолла Оразхан Зейноллаұлы үшін сайлаушылардың 81 дауысы берілді,
Қазқанов Аманат Жақсылықұлы үшін сайлаушылардың 56 дауысы берілді,
Сәрсенов Бекжігіт Пернеқұлұлы үшін сайлаушылардың 359 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 32.
Сайлау қорытындысымен №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жарқайың аудандық мәслихаттың депутаты болып Сәрсенов Бекжігіт Пернеқұлұлы, 1993 жылы туған, Ақмола облысы «Жарқайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің орынбасары сайланды.
Жарқайың аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы