"Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру", "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу" Мемлекеттік қызметтерін көрсетеді, "Жер учаскесін алуға кезекке қою","жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату". Мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 24-бабының негізінде тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген стандарттар мен регламенттерді басшылыққа алады.
2023 жылы ауылда "Электрондық үкімет"Веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 5 түрінен 6 қызмет көрсетілді.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет алған тұлғалар саны - 6.
EGOV бұрышы арқылы - 135 қызмет көрсетілді.
2023 жылдың қаңтар айында Жаңадалы ауылдық округінде сервистік әкімдік ашылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппаратында қоғамдық орындарда ақпараттық стендте орналастырылған, жергілікті "Целинное знамя" және "Жарқайдың тынысы" газеттерінде жарияланады.
2023 жылы Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Жаңадала ауылдық округінде келушілерге электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпарат орналастырылған стенд бар.
2023 жылдың басынан бастап Жаңадала ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары және оларды көрсету тәртібі бар стенд жаңартылды.
Жаңадала ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары кестеге сәйкес әр үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру алушылармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын жария талқылау арқылы жүзеге асырылады. Жария талқылау қорытындылары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру үшін пайдаланылады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан "Жаңадала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) бейтараптық;
4) сенімділік;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау "мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерге тұтынушылардың қанағаттануы" критерийлері көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларын толтыру негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау негізінде көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін қысқартуға, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар тізбесіне, сондай-ақ процестің буындарына бағытталған шаралар қабылдансын.
Мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетуге бағытталған тиісті шараларды, оның ішінде ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды қабылдау.
Тоқсан сайын көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларын толтыру негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану мониторингін жүргізу, аппаратта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту, ауылда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия мен әуре-сарсаң көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру.