
Ауданымызда жаңадан ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына ауылымыздың зейнеткер ата-әжелері қонақ болып келді. Қадірлі қариялар орталықтың жұмысымен танысып, жылы лебіздерін білдірді. Кездесу барысында үлкендерге арналған түрлі пайдалы іс-шаралар мен мүмкіндіктер жайында әңгіме өрбіді. Бұл басқосу үлкенге құрмет, ұрпаққа өнеге болатын мәнді кездесу болды.