Жарқайың ауданы әкімінің және Пятигорское ауылы әкімінің тұрғындармен есептік кездесулері

Жарқайың ауданы әкімінің және Пятигорское ауылы әкімінің тұрғындармен есептік кездесулері

Пятигорское ауылында 2025 жылғы 17 қарашада Жарқайың ауданы әкімінің және ауыл әкімінің есептік кездесулері өтті

КҮН ТӘРТІБІ

1. Пятигорское ауылы әкімінің 2025 жылғы ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған перспективалары туралы есебі.

2. Жарқайың ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған перспективалары туралы есеп.

3. 2025 жылдың 10 айында аудандық полиция бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есеп. Жарқайың ауданының әкімі Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлы есеп беру кездесуін ашты және өткізді

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Пятигорское ауылының әкімі Ғизат Төлегенұлы Сәдуақасов сөз сөйледі

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Жарқайың ауданының әкімі Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлы сөз сөйледі.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Сәкен Кәрімұлы Әбілмәжінов сөз сөйледі, ол жиі кездесетін алаяқтық жағдайлары және оның түрлері, атап айтқанда компьютерлік алаяқтық туралы ақпаратты жеткізді. Тұрғындарды сергек болуға шақырды. Қараусыз мал жаюға жол бермеу және жануарларды уақтылы сәйкестендіру қажеттілігі туралы ескертті.

Сөз сөйледі: Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйлеу болған жоқ. Сұрақтар қойылды: Ж. Н. Мұхамедқалиев (зейнеткер) электр энергиясын жиі ажырату бойынша

Жауап: Кабдуллин Б. А. (Жарқайың АЭЖ басшысы) - 2024 жылдың қысында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті материалдар уақтылы түспеді, осыған байланысты электр қуаты жиі өшіп тұрды.

Ағымдағы жылы бұл жұмыстар қараша айының соңына дейін жүргізіледі. Кездесу барысында барлық мәселелер қаралып, түсіндірілді, бақылауға алынды және жауапты басшыларға бекітілді.