Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрығымен қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары бекітілді.
Қоғамдық медиаторларды Пригород ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) тоқсанына кемінде бір рет сайлайды. Қоғамдық медиатор болып сайлау үшін құжаттар Пригород ауылы әкімінің аппаратына мынадай тәсілдердің бірімен жіберіледі:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен және (немесе) қолма-қол қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде: Пригород а., Әл-Фараби даңғылы, 7;
2) "электрондық өтініштер" ақпараттық талдау жүйесі бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында;
3) zharkain-prigorod@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайға.
Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) заңды мекенжайы туралы мәліметтер;
4) байланыс деректері (пошталық және электрондық мекенжай не телефон немесе телефакс нөмірі);
5) медиатор маманданған медиация саласы туралы мәліметтер;
6) медиатор медиацияны жүзеге асыратын тіл туралы мәліметтер;
7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және Психоневрологиялық ұйымнан медициналық анықтамалар;
8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
Құжаттарды қабылдау мерзімі қоғамдық медиаторды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін, яғни а.ж. 24 қаңтарға дейін 10 (он) жұмыс күнін құрайды..