
Ветеринариялық қызмет ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне белгіленген талаптарға сәйкес барлық ауыл шаруашылығы жануарлары міндетті түрде сәйкестендіріліп, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасында (АСЖБ) тіркелуге тиіс екенін хабарлайды.
Мемлекеттік ветеринариялық қызметтерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жануарлардың иелері «Төрт түлік» мобильді қосымшасы арқылы тіркеуден өтуі қажет.
«Төрт түлік» мобильді қосымшасын Play Market арқылы жүктеп алып, белгіленген тәртіппен тіркеуден өту қажет.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасында мына жануарлар есепке алынады:
Жануар иесі тіркеуден өткеннен кейін тиісті мемлекеттік ветеринариялық қызметтерді алуға өтінімдер «Төрт түлік» мобильді қосымшасы арқылы беріледі.
Атап айтқанда, қосымша арқылы:
АСЖБ-да тіркеу жүргізілмеген, қажетті мәліметтер енгізілмеген немесе жануар тиісті түрде сәйкестендірілмеген жағдайда жекелеген мемлекеттік ветеринариялық қызметтерді алу мүмкін болмайды.
Атап айтқанда, жануардың иесі:
ала алмайды.
Осыған байланысты барлық ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне «Төрт түлік» мобильді қосымшасы арқылы белгіленген тәртіппен тіркеуден өтіп, өздеріне тиесілі жануарларды уақтылы сәйкестендіруді және АСЖБ-ға олар туралы дұрыс әрі өзекті мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз ету қажет.
Жануарларды уақтылы сәйкестендіруге және олар туралы мәліметтердің өзектілігіне жануарлардың иелері жауапты.