Әсер ету скрингін қарау туралы хабарландыру

Әсер ету скрингін қарау туралы  хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-б., 6-т.сәйкес стратегиялық экологиялық бағалауды (әрі қарай – СЭБ материалдары) жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне «Ақмола облысы Жарқайың ауданы Пригородное а. даму және құрылыс салу схемасын әзірлеу» құжатының әсеріне скринг жүргізу бойынша есеп келіп түсті.

  СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

СЭБ материалдарына  тапсырыс беруші: «Жарқайың ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ.

 СЭБ әзірлеуге жауапты: Жалелова Н.О.

 

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

 

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Құжаттың қолданылу кезеңі: 2040 ж.

 

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

 Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2025 жылдың 16 маусымнан бастап, 1 шiлге дейін (ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні –2025 ж. 1 шiлде).

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

 

СЭБ бойынша  материалдар:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Әкімдіктің сайтында.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/documents/details/842565