9 Мамыр — жадымызда мәңгі сақталатын ұлы күн, ерлік пен алғыс күні. Бүгін батырлар ескерткішіне гүл шоқтарын қоя отырып, бейбітшілік пен еркіндік үшін күрескен ардагерлердің ерлігін терең құрметпен еске аламыз. Жеңіс ұрпағының батылдығы мен қаһармандығы жүрегімізде мәңгі сақталып, еліміздің аспаны әрдайым ашық әрі бейбіт болсын. Ауылда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті
