Гастелло ауылының орта мектебінде блокты-модульдік қазандық орнату жұмыстары аяқталды.
Жобаның жалпы құны 24 млн теңгені құрады. Жаңа қазандық оқу ордасын тұрақты әрі сапалы жылумен қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде білім беру процесінің жайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді.