
Қарттар күніне арналған іс-шаралар аясында қала әкімі Заур Смағұлов тыл еңбеккерлерін арнайы барып құттықтады. Әкім өз сөзінде олардың ел мен қаланың дамуына қосқан зор үлесін атап өтті: «Сіздердің еңбектеріңіз бен Отанға адалдығыңыз – болашағымыздың берік іргетасы. Біз сіздермен мақтанамыз және жасаған еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз», – деді ол. Осы күні тыл еңбеккерлеріне материалдық қолдау көрсетіліп, ерекше құрмет пен ілтипат білдірді.