Пештік қондырғылармен байланысты өрттер мен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімі пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындар назарына жеткізеді:
1. От жағу кезеңі басталар алдында от жағу пештері тексеруден және жөндеуден өтуі қажет. Бүлінген от жағу жүйелерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
2. Пештер мен басқа жағу аспаптары өртке қарсы нормаларымен орнатылған жанғыш құрылыстарынан бөлінген және бос жерлері болуы қажет, сондай-ақ пеш маңындағы металл беттердің өлшемі 50х70 см кем болмауы қажет (жанғыш еденде).
3. Түтін жолдары мен пешті от жағу кезеңі басталғанда, сондай-ақ бүкіл кезең ішінде тазалау қажет.
4. От жағатын пешті пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:
- жағылған пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларға бақылау жасауды кішкентай балаларға тапсыруға болмайды;
- пеш маңындағы қорғаныш бетіне отын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды орналастыруға болмайды;
- пешке тамыздық ретінде бензин, керосин, дизельді отын мен басқа да ТТСжЖС пайдалануға тыйым салынады;
- желдетуге және газға арналған арналарды түтін шығатын жол ретінде пайдалануға болмайды;
- пешті өте қатты қыздыруға.
5. Пештен шығарылған күл мен шлакқа су құйып сөндірілуі тиіс және олар арнайы дайындалған қауіпсіз орынға апарып тастау қажет.