
2025 жылғы 20 қазаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №6807/6808 пойызын іске қосты. Жаңа бағыт өңір тұрғындары мен теміржолшыларға қолайлы қатынасты қамтамасыз етеді.
Кесте: • Арқалық → Державинск: 09:00 — 10:51 • Державинск→ Арқалық: 15:07 — 16:57
Пойыз дүйсенбіден жұмаға дейін, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, қатынайды.
Бағыт: Арқалық, Фурманов, Тасты-Талды, Баранкөл және Державинс станциялары арқылы.
Бұл жаңа бағыт аймақ халқының мобильдігін арттырып, әлеуметтік-экономикалық байланыстарды нығайтады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі