Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі туралы

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі туралы

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі туралы

 

Ел Президентінің ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында сөйлеген сөзінің негізгі арқауы мемлекеттік және қоғамдық институттардың қызметін қайта жаңғырту болып табылады.

Дағдарыстан шығудың шешімін табу үшін Президент кең әлеуметтік топтарды тартты және бірқатар реформалар жариялады.

Бірінші кезекте мемлекеттік басқару жүйесін қайта жүктеуге және мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдер қабылдау жүйесіне деген көзқарастарды және олардың орындалуына жауапкершілікті өзгерте отырып, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Пандемия және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көпшілігін қашықтықтан жұмыс режиміне көшіру мемлекет Басшысы атап өткендей, мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатындығын және қажет екенін көрсетті.

Қазақстанға мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту және уәждеу мақсатында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап факторлық-балдық шкала енгізе отырып, тиімді және әділ, қоғамның сұраныстарына барабар мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет. Бұл таяудағы екі жылда мемлекеттік аппараттың 25% - ын қысқарту есебінен мүмкін болады.               Бұл саладағы реформалар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы мемлекеттік аппаратты 10%-ға, ал 2021 жылы тағы да 15% - ға қысқарту қажет. Осылайша, біздің ауданда мемлекеттік қызметшілер саны 2020 жылы 13 бірлікке, 2021 жылы 18 бірлікке азаяды

Мұндай түбегейлі реформаны жүргізу бүкіл мемлекеттік аппараттың қызметін қайта қарауды талап етеді. Осыған байланысты, ұсыныстарды іске асыру үшін Президент жыл соңына дейін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға түзетулер топтамасын қабылдауды тапсырды.

Жолдауда атап өтілгендей, мемлекеттік қызмет жаңа көзқарастар мен бастамалары бар - жаңа кәсіби кадрларды қажет етеді. Сонымен қатар, кәсіби және әдеп  талаптарының төмендеуіне жол бермей, сабақтастықты қамтамасыз етеді.

Әдеп  нормалары мен ережелерін  сақтау мемлекеттік қызмет жүйесінде ерекше орын алады.

Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды деп сенім артуға құқылы.

Қазіргі уақытта қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар күшейтілді, бұл осы саладағы заңнаманы жетілдіруге ықпал етті.         

Өздеріңіз білетіндей, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі күшіне енді, онда мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы мінез-құлық стандарттары айқындалған.

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыру жөніндегі жұмыс форматы мынадай іс-шараларды қамтиды:

мемлекеттік қызметшілерге жасырын сауалнама жүргізу;

еңбек заңнамасы мен қызметтік тәртіптің сақталуын бақылау;

ауданның мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз мақалаларды жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі, қызметтік автокөліктердің мониторингі және т.б.

Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың маңызды факторы еңбек заңнамасы мен қызметтік тәртіпті қатаң сақтау болып табылады.

 Басқарушылық шешімдер қабылдайтын лауазымды адамдардың жеке мүдделері мемлекетке қайшы келмейді және қайшы келмеуге тиіс.

 Жас мамандардың кәсіби әлеуетін ашу үшін тәлімгерлік институты енгізілді.

 Бірге қолданылған барлық алдын алу шаралары кәсіби мемлекеттік аппарат құруға мүмкіндік береді.

 

«Ақмола облысы Жақсы ауданы

әкімінің аппараты» ММ басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкіл:                                                      О. Бочарникова