Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жақсы ауданы, Қызылсай ауылдық округі әкімінің кандидаттарын тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы            

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 5 тармақ 1 тармақшасына сәйкес алынған құжаттарды қарап, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешті: 

Жақсы ауданы, Қызылсай ауылдық округі әкіміне кандидаттар ретінде тіркелу:

  1. Сайранбек Келденұлы Ахметов, 1993 жылы туылған, «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық - шаруашылық қызмет бөлімінің басшысы, Жақсы ауданы Жақсы ауылында тұрады.
  2. Тендік Бесенбайұлы Бесенбаев, 1967 жылы туылған, «Қаражон» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің автотранспорттар бойынша инженері Жақсы ауданы Киров ауылында тұрады.