Аудан әкімі зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізу және ауыл шаруашылығы санағы мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді

Аудан әкімі зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізу және ауыл шаруашылығы санағы мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде аудан әкімінің төрағалығымен зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізу және ауыл шаруашылығы санағы мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында итальяндық прусқа қарсы қорғаныс іс-шараларын өткізу және шегіртке зиянкестерімен күресу іс-қимылдарының алгоритмі, сондай-ақ дайындық барысы, ауыл шаруашылығы санағын өткізу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы күрес туралы Жақсы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аслан Бекжанұлы Хасеновтың, аумақтық инспекция басшысы Ботагөз Молдаахметқызы Ермағамбетованың, сондай-ақ Жақсы фитосанитариялық диагностика филиалы директорының м.а. Жанель Жанарбекқызы Есімсейітованың баяндамалары тыңдалды.
Жануарлардың ауыл шаруашылығы санағын сапалы өткізу міндеттері туралы аудандық статистика басқармасы басшысының м. а. Жанна Нұрғалиеваның баяндамасы тыңдалды.
Аудан әкімі алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын уәкілетті мемлекеттік органдар алдында белгіледі. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.